Меню KDT
Соц. сети
Социально
деловая
среда
Agartu
Социально
образовательная
сеть
Отан Бiлiм
Социальная
сеть Agartu
г. Астана
Социальная
сеть Agartu
СКО
Социальная
сеть Agartu
ЗКО
Социальная
сеть Agartu
Акмолинской
области
Социальная
сеть Agartu
Кызылординской
области
Социальная
сеть Agartu
г. Алматы
Социальная
сеть Agartu
Актюбинской
области
Социальная
сеть Agartu
Атырауской
области
Социальная
сеть Agartu
Жамбылской
области
Социальная
сеть Agartu
Алматинской
области
Социальная
сеть Agartu
ВКО
Социальная
сеть Agartu
Карагандинской
области
Социальная
сеть Agartu
Костанайской
области
Социальная
сеть Agartu
Мангистауской
области
Социальная
сеть Agartu
Павлодарской
области
Социальная
сеть Agartu
ЮКО
Торгов. сети
Единая
торговая
площадка
BMC Sales
BenchMark
Consulting
Школьная
форма от
BMC Sales
Объявления
товаров
Halyk Bazar
Форменная
и спец. одежда
от BMC Sales
Национальная
товаро-
проводящая сеть
BMC Agro
Торговый дом "Асем"
Mektep
Alemi
Туристич. сети
BMC Tourism
dev
Ассоциации
Казахстанская
Ассоциация
IT-компаний
Ассоциация
торговых
предприятий
Ассоциация
кредитных
товариществ
агропромышл.
комплекса
Международная
Федерация
Бухгалтеров
(IFAC)
Единый
портал
КСК
Портал
легкой
промышленности
Казахстана
Союз
производителей
продукции легкой
промышленности
Сервисы
Сервис
профилей
BMC Profile
Учет и продажа
товаров и услуг
BMC Trade
Клиентская база
BMC CRM
Онлайн карта
BMC Maps
Создание сайтов
BMC CMS
База знаний
по системе
Служба
технической
поддержки
Онлайн
тестирование
BMC Exams
Система
Мониторинга
Безопасности
Дистанционное
обучение
BMC Study
Электронная
библиотека
BMC eLib
Безопасная
пища
BMC SafeFoods
Сервис
работы
BMC Work
Сервис
голосований
BMC Votes
Сервис
бизнес
аналитики
Организация
и проведение
конкурсов
Проект
Всеобуч
Прочие
сервисы
в разработке
TG Канал
Telegram Канал
Прилож.
Скачать мобильное приложение
Войти
Бостандыкская средняя школа
KZ
RU
EN
Меню сайта
Главная
Новости
Блог директора
Задать вопрос
Вопрос директору
Вопрос психологу
Обратная связь
Библиотека
Фотоальбом
Вакансии
Питание
Новости
«Мағжан Жұмабаевтың поэзия әлеміндегі орны» атты қазақ тілі мұғалімі Жумажанова Д.М өткізген шеберлік сыныбы
Баяндаманы орындаушы: Жумажанова Дана Мухтарқызы Жұмыс орны, қызметі: Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Бостандық орта мектебінің І санатты қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Педагогикалық еңбек өтілі: 8 жыл Үйінің мекен-жайы: СҚО Ақжар ауданы Бостандық ауылы Байланыс телефоны: 87711068423, 87154635545 E – mail: danajan-145@mail.ru Жұмыс бағыты: М.Жұмабаев пен М.Ю.Лермонтовтың көркем шығармаларын оқу мен талдаудағы қазіргі амалдар Шеберлік сыныптың тақырыбы: «Мағжан Жұмабаевтың поэзия әлеміндегі орны» Аңдау хат Мұғалім өз жұмыстарында білім сапасын көтеруге, қызықты етіп оқушының санасына жеткізуге алдына мақсат қойып алды. Оқушыларының сабақта берілген материалды қызығушылықпен қабылдап, жоғары деңгейде меңгеруіне байланысты, ол жаңа технологиялардың маңыздылығын көрсете білген. Жоспар І. Кіріспе 1) Мағжан Жұмабаев поэзиясы 2) Сын тұрғысынан ойлау технологиясының ерекшелігі ІІ. Негізгі бөлім Қазақ әдебиеті сабақтарында әдіс-тәсілдердің маңыздылығы Өз тәжірибемде технология әдістерін сабақта қолданудың тиімділігі ІІІ. Қорытынды бөлім Пікір Кез-келген елдің болашағы, білім беру жүйесіне байланысты болып келеді. «Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру – бүгінгі мектеп оқытушылары сіздердің еншілерініз» - деген Елбасымыз. Сондықтан да оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу - тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын мектептегі ұстаздар қауымы болып есептеледі. Әрбір мұғалім өз сабақтарында педагогикалық шеберліктің тәжірибесінің негіздерін дұрыс қолдана білуі тиіс. Дана Мұхтарқызы «Мағжан Жұмабаевтың поэзия әлеміндегі орны» баяндамасында оқу мен жазу арқылы Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының ерекшеліктері мен оның стратегияларын сабақта тиімді қолданып отырғанын көрсетеді. Бұл технологияның мұғалім үшін де, оқушы үшін де тиімді екендігін мұғалім жеткен жетістіктері арқылы дәлелдеп отыр. Қазақ тілі пән бірлестігінің мұғалімдері «Мағжан Жұмабаевтың поэзия әлеміндегі орны» Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіз мемлекет екендігін бүкіл әлемге дәлелдеді. Ендігі басты міндет – осы мемлекеттің өркендеп өсуі, халықтың әлеуметтік, экономикалық жағынан кемелденуі болып табылады. Мемлекеттің әлеуметтік, экономикалық өсіп өркендеуінің түп қазығы білім мен ғылым екені даусыз. Еліміздің болашақтағы дамуы, өсіп өркендеуі, әлемдік кеңістіктегі орны білімнің бағыт – бағдарына, оның тиімділігіне байланысты болмақ. Бүгінгі танда технологиялар өз қолдауларын тауып, оқу үрдісінде қолданылуда. Технология – бұл қандай да бір жұмысты, өнерді шеберлікпен іске асыру жиынтығы. Жалпы әдебиет сабақтарында сыни тұрғыдан ойлау технологиясы қолдануға ыңғайлы, былайша айтқаңда, барша үшін қоғамдық маңызы мен мәні зор идеяларды игеруге болатын нақтылы әдістер және тәсілдер.Қазақ әдебиетін оқытуда мұғалімнің шеберлігі, ізденушілігі аса қажет. Әсіресе жанр түрлерін оқуда, оқушылардың түсінушілігі керек. Осындай поэзия әлеміндегі орны ерекше, көркем сөздің шебері – Мағжан туралы сөз қозғамасқа болмайды. «Мағжан - ең алдымен, сыршыл ақын. Ол жүректің қобызын шерте біледі, оның жүрегінен жас пен қаны аралас шыққан тәтті сөздері өзгенің жүрегіне тәтті у себеді. Мағжан не жазса, сырлы, көркем, сәнді жазады. Оқушының жүрегіне әсер бере алмайтын құрғақ өлеңді, жабайы жырды Мағжаннан таба алмайсыз» - деген екен Б. Майлин. Мағжан өз қатарларының алды әрі сол замандағы ең оқыған, көзі ашық ақын болған. Ол Ресей, Еуропа поэзиясымен таныс болғандықтан, қазақ өлеңіне түрлік жағынан жаңалықтар енгізді. Мағжан атақты Александр Блокты оқу арқылы орыс поэзиясындағы символизмді үйренген. Сол арқылы қазақтың дәстүрлі 11 буынды өлеңіне символикалық дәстүрлерді алып келген.Мағжан – поэзияға түрлік жаңалықпен бірге мазмұндық және ішкі ырғақ жағынан тосын мінезбен келген ақын. Ауыз әдебиетімен ауызданып өскен халық, ұлт үшін Абаймен Мағжан өлеңдері күңгірт, түсініксіз көрінген. Менің қабылдауымда,Мағжан – ең алдымен символист ақын. Бірақ оны қарапайым оқырман түсіне бермейді. Осы тұрғыдан алғанда, Мағжан – өте күрделі ақын. Ол– Еуропа, орыс поэзиясынан бойына сіңірген дәстүрлерді қазақыландырып, қазаққа беруші жаңашыл ақын. Мағжан поэзиясы зерттеліп болды, зерттеліп бітеді дегенге сенбеймін. Бір жағынан,ақынның ұлылығы да, классиктігі де – сонда. Жалпы поэзияда алдыңғы қатардағы өлеңдері аса көп, оларды оқушыларға дұрыс үйрете білу керек. Жаңа технологияларды меңгерту мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Жаңа технологиялар теориялық тұрғыда дәлелденіп, тәжірибеде жақсы нәтижелер беруде. Өзім қолданылатын ең керемет педагогикалық технологиялардың бірі «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту». Бұл технологияның мақсаты барлық жастағы оқушылар үшін сыни тұрғыдан қарап, өз пікірлерін айтуға шақырады. Бұл технологияның оқушы білімінің деңгейін көтерудегі, оларды шығармашылыққа баулуда, стратегияларының тиімділігінің ерекшелігі. Тағы да қайталап айтамын, сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Аталмыш технологияның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым үш деңгейден тұратын оқыту. Олар: қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып ішінен қажеттісін алуға үйретеді. Қазақ әдебиеті сабақтарында көркем шығармаларды меңгерту жолдарында қолданылатын менің әдіс-тәсілдерім: Ривиндік тәсіл арқылы (жеке баламен жүргізілетін жұмыс) 1. Азат жолға бөлу, мазмұндау 2. Жоспар құрады 3. Азат жол, сөздікпен жұмыс 4. Негізгі ойды табу (негізгі ой қай сөйлемде табу, жазу) 5. Ат қою Самаралық тәсіл (топпен жұмыс) 1. Топ ішінен, азат жолға бөлінген, 1 оқушы дауыстап оқиды 2. Оқып ішінен біреуі мазмұндайды 3. Кілттік сөзді табады (негізгі ой) 4. Топ ішінде талдау 5. Мазмұндау (көпшілік алдында) Американдық мозайка (топпен) 1. Оқу 2. Өзара талдау 3. Сұрақтар құрастыру 4. Топ-топ арасында түсіндіру Ливерлік әдісі 1. Кейіпкердің іс-әрекеті 2. Кейіпкерге мінездеме 3. Іс-әрекетіне баға беру Ал Мағжан өлеңдерін оқытудағы ең тиімдісі сын тұрғысынан ойлаудың стратегиялары. Қызығушылықты ояту кезеңінде: «Жұпта талқылау», «Топтау», «Түртіп алу», «Болжау», «Әлемді шарлау» т.б әдістермен сабақты өткізуге болады. Осы кезеңнің мақсаты – үйренушінің белсенділігін, ынтасын арттыру. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады. Мағынаны тану кезеңінде көбінесе «INSERT» стратегиясын қолдануға болады. Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Бұнда үйренушілер білетінін анықтап алады. Ой толғаныс кезең өте қызық. Бұнда ойлауға тиімді қолданылатын «Бес жолды өлең», «Венн көрсетілімі», «Еркін жазу», «Екі түрлі түсіндірме күнделігі», «Ойлану» т.б стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне қарай пайдалануға ие болу керек. Мен осы жобада «сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясының стратегияларын қазақ әдебиеті сабақтарындағы қолданылу жолдарына тоқталмақмын. Екі жақты түсініктеме күнделігі Оқушылардан дәптердің бетін (не таратылып берген парақты) ортасынан вертикаль сызықпен бөлу сұралады. Өлеңді оқу барысында олар: Бөліктің оң жағына – мәтіндегі қатты әсер еткен тұстар, үзінділерді жазады. Сол жағына әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады (нені еске түсіреді, себеп салдары қандай, қандай сұрақ тағы басқа). Мағжан Жұмабаев «Қарағым» өлеңі Мәтіннен үзінді Оқушы көзқарасы Қарағым, оқу оқы, босқа жүрме! Ойынға, құр қаларсың, көңіл бөлме. Оқушыларды білімді болуға шақырамын. Ойын ойнауға аса көп ере берме, одан ештеңе де шықпайды деймін. Кідірме, аялдама, алға ұмтыл, Алам деп көктен жұлдыз, қолың серме. Әрқашан алда болу керек. Сонда ғана атақты боламын. Биіктен көрінемін. Түртіп алу әдісі Үнтаспадан Мағжанның “Мен жастарға сенемін” атты өлеңі оқып беріледі. Әрбір оқушы өз ұялы телефондарына көшіріп алады немесе мұқият тыңдайды. Содан кейін әр оқушы нақышына келтіріп мәнерлеп оқиды. «Еркін жазу» жазу стратегиясы Бұл әдісті сын тұрғысынан ойлау жобасындағы сабақтың үшінші ой толғаныс кезеңінде пайдалану тиімді. Мұғалім сабақ бойына қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін т.б. жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде оқушылар өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады Семантикалық карта. «Мен жастарға сенемін» өлеңі. Тіл дамыту үшін. Бір өлеңін алып талдап, мақалдармен байланыстырады. Ол үшін арнайы дайындалған семантикалық карталарды әр-топқа бір-бірден үлестіріп беріп, берілген мақал-мәтелдердің өлеңге қатысты жерін табу керек. Балалар мәнерлеп оқып, мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріп шығады. Мақалдар Қасиетті тілектер, Мен жастарға сенемін! Көздегені көк аспан, мен жастарға сенемін Тау суындай гүрілдер, айбынды алаш елім дер Қажу бар ма тұлпарға, талу бар ма сұңқарға Еңбек - бәрін жеңбек Туған елім -алтын бесігім Жас келсе - іске Отаны бірдің, тілегі бір Галстук әдісі Бұл әдісте топқа бөлініп, галстукты тағып, бір-біріне сұрақтар қояды. Мағжан өмірбаянына байланысты сұрақтар дайындау Қабырғанмен кеңес әдісі Өлеңдерді мәнерлеп наөышына келтіріп әркім өз оқулықтарымен өабырғаға қарап қатты дауыстап оқиды. Содан кейін бір-біріне айтып береді. Куббизм стратегиясы – ойын арқылы оқыту. Кубиктің алты жағына жазылған сөздер бойынша жұмыс жасайды. Қандайда бір затты жан -жақты талдайды, талқылайды, сол арқылы білімдерін қайталайды, жаңа білім қосады. «Шолпы» өлеңі Суретте. Өлеңдегі ақын идеясын жеткізудегі орны. Салыстыр. Шолпы таққан қыздар мен Шолпы тақпаған қыздар (Венн диаграммасы қолданылады) Зертте. Шолпы туралы ақын неге өлең шығарған? Қолдан. Шолпының суреттеуін тауып оқы. (Оқулықпен жұмыс) Елес (Ойтолғау, сурет) Ақынға хат жазып көр. Талда,қолдан шолпы бұйымының қолданысы пікірлер Болжау стратегиясы Өлеңді оқымас бұрын өлеңнің мазмұнын, ақын идеясын болжау Көрнекілік арқылы баяндау әдісі. Бұл әдісті мен өз сабақтарымда жиі қолданамын. Мағжанның бір өлеңін алып, оқушыларды топқа бөліп , оларды белгілі мамандар етіп өлеңді қорғауға жол ашу керек. Мағжан ақынның “Шолпы?” өлеңін талдау 1 Әдебиеттанушылар жанр мен тегін, стилін анықтайды 2 Дизайнерлер осындағы бұйымды насихаттау, жаңа үлгісі 3 Қоғамтанушылар шығарманың тақырыбы мен идеясын ашады Мағжан ақынның “Мен жастарға сенемін” өлеңін талдау 1 Зерттеушілер мақалдар дайындайды 2 Тілшілер өлеңнен сын есімді, көптік жалғауларын табады 3 Әдебиеттанушылар әрбір шумақтағы автордың кілтік сөзін табады Мағжан жұмабаевтың өлеңдерін оқытуда Оқушыларды ДЖИКСО әдісі арқылы топқа бөлу 1 топ “Қысқы жолда” өлеңі 2 топ “Шолпы” өлеңі 3 топ “Мен жастарға сенемін” өлеңі 4 топ “Сүйемін” өлеңі Күтілетін нәтиже: Оқушының тиімді даму жолдарын ашу үшін, оларға өз күштерімен орындай алатын тапсырмалар мен атқара алатын оқу тапсырмаларын беру керек. Сонда ғана бала өзің жеңімпаз санап, тапсырмаларды кедергі ретінде санап, олардан өтуге тырысады. Жұмыстың жаңалығы: Жоғарыда келтірілген тиімді қолданылатын стратегияларды мұғалім өз тәжірибесінде қолдана білсе, сабақ құрғақ өтпейді деп ойлаймын. Қолданылған әдебиеттер тізімі Мағжан Жұмабаев өлеңдер жинағы «Сын тұрғысынан ойлау технологиясы» әдістемелік нұсқаулық Интернет желісі
Просмотров: 689
Комментарии
Чтобы оставлять комментарии
авторизуйтесь
Главная
Новости
Блог директора
Задать вопрос
Вопрос директору
Вопрос психологу
Обратная связь
Библиотека
Фотоальбом
Вакансии
Садуев Толеген Абайулы директор школы
Опрос
В чем, на Ваш взгляд, заключается готовность ребёнка к школе?
Умение читать и писать
Умение считать
Умение логически мыслить
Психологическая готовность
Голосовать
В чем, на Ваш взгляд, заключается готовность ребёнка к школе?
Умение читать и писать (
2
)
2
Умение считать (
0
)
0
Умение логически мыслить (
3
)
3
Психологическая готовность (
6
)
6
Статистика
За месяц
20
За неделю
6
Вчера
0
Сегодня
0
Онлайн:
0
Полезные ссылки