25.02.2017
Просмотров: 493
“Жасай бер қазақ тілі, ана тілім!” тақырыбында ашық сабақ өткелі отыр. Тіл дегеніміз – адаммен бірге пайда болып, қатар жасасып келе жатқан қоғамдық құбылыс. Бұдан біз тілдің адамнан айрылмас серігі екенін көреміз: Тіл арқылы адамдар бір-бірімен пікір алысып, өзара түсінісіп, оны қатынас қүралы ретінде пайдаланып отырады. Әр адам өз ойын басқа біреуге тіл арқылы жеткізсе, біреудің ойын тіл арқылы түсінеді. Тіл халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, болмысы деуге болады. Халықтың тарихта қалуы тіліне, тілінің сақталуына байланысты.